Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
465.01 543.55 6.15

Қазақстан мен Жапония ғалымдары жаңа гербицидті сынап жатыр

28-04-2025, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтында Sumitomo компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

Онда институт ғалымдары — Камалдин Шермағамбетов, Гүлсім Баймбетова және Айдос Жалбыров — күріш алқаптарында жаңа жапон гербициді NC-656-ны сынау барысы мен қазіргі нәтижелерді талқылады.

Сондай-ақ, алдағы жоспарлар мен жаңа тәжірибе алаңдарын ұйымдастыру жайы қарастырылды.
Кездесуде жапондық препараттарды қант қызылшасы мен жаздық арпада қолдану мүмкіндігі де қаралды.

Тараптар агротехнологиялар бағытында әріптестікті жалғастырып, ортақ жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдірді.

Осындай ынтымақтастық Қазақстан ауыл шаруашылығына жаңа шешімдерді енгізуге жол ашады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив