Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Мемлекеттік кеңесші Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясының қорытындылары бойынша жиын өткізді

29-04-2025, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы 24 сәуірде өткен сессиясында Президент жүктеген тапсырмаларды орындау мәселелеріне қатысты жиын өтті.

Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Ассамблея жұмысын қорытындылап қана қоймай, жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға қатысты нақты тапсырмалар бергенін айтты.

Мемлекеттік кеңесші Ассамблеяның этносаралық қатынастар саласындағы маңызды институт ретінде ерекше рөл атқаратынына тоқталды. Сондай-ақ тиісті органдар басшыларына Президент тапсырмаларын тиімді орындау мақсатында қажетті шаралар қабылдауды тапсырды. Осы орайда ҚХА-ның 2030 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын әзірлеу басым бағыттың бірі екенін тілге тиек етті.

Ерлан Қарин жиынды қорытындылап, Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында берген тапсырмаларының орындалуы Президент Әкімшілігінің ұдайы бақылауында болатынына назар аударды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив