Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
512.32 582.92 6.29

Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстары белсенді жүргізілуде: 908 мың гектар жер егілді

Бүгін, 16:17 018.kz

Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жалпы алаң 908,5 мың гектарға жетті.

Қазіргі таңда егіс жұмыстары әсіресе елдің оңтүстік өңірлерінде қарқынды жүргізілуде. Алматы облысында — 123 мың гектар, Түркістан облысында — 263,5 мың гектар, Жамбыл облысында — 295,5 мың гектар, Қызылорда облысында — 33,4 мың гектар, Батыс Қазақстан облысында — 30,1 мың гектар, Атырау облысында — 2,7 мың гектар, Жетісу облысында — 142,2 мың гектар, ал Шымкент қаласында — 15,7 мың гектар жерге егін егілді.

Дәнді дақылдар 459,4 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 159,9 мың гектарға, көкөністер 46,9 мың гектарға, картоп 18,2 мың гектарға, бақша дақылдары 35,3 мың гектарға, майлы дақылдар 114 мың гектарға, ал мақта 43,9 мың гектарға егілді.

Көктемгі дала жұмыстарының маңызды кезеңдері де орындалды: 10,7 млн гектар жерде ылғал жабылды, 2,5 млн гектарда себуге дейінгі топырақ өңдеу жүргізілді, 1,1 млн гектарда көктемгі жырту жұмыстары аяқталды.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

Биыл тыңайтқыш енгізу жоспары 1,9 млн тоннаны құрайды. Қазіргі таңда 752,8 мың тонна тыңайтқыш сатып алуға келісімшарттар жасалып, оның 504,9 мың тоннасы жеткізілді. Сонымен қатар, 152,3 мың тонна дизель отыны жөнелтілді.

Тұқым қажеттілігі 2,3 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде 1,6 млн тоннасы сапа сараптамасынан өтіп, тексерілген тұқымдардың 99%-ы стандартқа сай деп танылды.

Ауыл шаруашылығы маусымы белгіленген жоспарға сәйкес өтіп жатыр. Егіс науқанын сәтті аяқтау үшін барлық қажетті шаралар қабылданған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив