Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
517.45 598.59 6.58

Абай облысының студенттері республикалық квиз-ойында жүлделі 1 орынды иеленді

29-04-2025, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Жетісуда өткен республикалық байқауда Абай облысының Alikhan Bokeikhan University студенттері қатысушылар арасында жүлделі бірінші орынға ие болып, білімнің жоғары деңгейі мен азаматтық ұстанымын көрсетті. Марапат ретінде оларға мадақтама қағаздары мен ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Жетісу облысында «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Жетісу облысы бойынша департаменті жемқорлыққа қарсы тақырыпта «Qazaqsha Mibattle» республикалық интеллектуалды квиз-ойынын өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы белсенділікке шақыру, сондай-ақ әділдік пен академиялық адалдық құндылықтарын насихаттап, нығайту болды. Ойын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі тірегі болып саналатын «Заң және тәртіп» қағидатының маңызы ерекше атап өтілді.

Интеллектуалды ойынға Алматы қаласы, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарының жоғары оқу орындарынан 15 команда қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаменті жеңімпаздарды құттықтай отырып, адалдық пен әділдікке жету жолындағы әрбір қадамның маңызы зор екенін атап өтеді. Жастар – бұл қоғамды өзгертуге қабілетті күш және еліміздің болашағы солардың қолында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив