Аягөз ауданында 600 орындық жаңа мектеп салынуда

Аягөз ауданында білім беру инфрақұрылымын дамыту және білім сапасын арттыру бағытында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Аягөз ауданының әкімі Данияр Шәкәрімов мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, бүгінде ауданда 39 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 33-і – орта мектеп, 3-і – бастауыш мектеп және 1 жеке меншік мектеп бар. Мектепке дейінгі білім беру саласында 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту деңгейі 98%-ды құрайды.
– Аягөз қаласының «Қуаныш» шағынауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 260,3 млн теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын «Іргетас-Құрылыс-ІІ» компаниясы жүзеге асыруда. Мектеп толық пайдалануға берілгеннен кейін 600 оқушыға арналған болады, – деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, ұлттық жоба аясында Ақтоғай ауылында 300 орындық жаңа мектеп салу жоспарда бар.
Тағыда оқыңыз
Ақсуат аудандық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық округ бойынша кімдер ұсынылды?Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзі