Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
464.53 543.73 6.15

Ақсуат ауруханасы жаңа медициналық жабдықтармен толығуда

30-04-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Ақсуат аудандық ауруханасы өңір тұрғындарына алғашқы медициналық–санитарлық, кеңестік-диагностикалық, стационарлық, стационар алмастырушы көмек түрлерін көрсетеді. Ауруханаға қарасты 10 дәрігерлік амбулатория, 11 медициналық және 1 фельдшерлік-акушерлік пункт бар.

Медициналық мекемеге 17 115 адам тіркелген. 2579 адам жылжымалы медициналық кешен арқылы қаралған. Былтыр ауданда 291 сәби дүниеге келген.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауданда дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер салынып жатыр. Бүйрек созылмалы жетіспеушілігімен есепте тұратын науқастар үшін гемодиализ орталығы ашылды. Ауруханаға қазіргі заман талабына сай медициналық техникалар сатып алынды. Былтыр Ұлттық аккредиттеу орталығының бағалауынан өтіп, І дәрежелі аккредиттелген медициналық ұйым мәртебесін иеленді.

Ақсуат аудандық ауруханасы биыл заманауи медициналық құралдармен жабдықталып, босану бөлімшесін 2-ші деңгейлі ұйымға айналдыру, лапароскопиялық оталар санын арттыру және ерте диагноз қою жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, мамандардың білімін жетілдіріп, ауруханаға күрделі жөндеу жүргізілмек.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив