Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
491.29 562.92 6.1

Жаңа өнімнің 7,5 млн тоннасы экспортталды

30-04-2025, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 2025 жылдың 27 сәуіріне дейін жаңа астық өнімінің экспорты 7,5 млн тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2023/2024 ауыл шаруашылығы жылының сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56%-ға артық.

Қазақстандық астықты Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдеріне жеткізу көлемі тұрақты түрде өсіп келеді.

Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 29,7%-ға артып, 2,0 млн тоннадан 2,7 млн тоннаға дейін, Тәжікстанға — 50%-ға, 718 мың тоннадан 1 076 мың тоннаға дейін, Ауғанстанға — 33,8%-ға, 201 мың тоннадан 269 мың тоннаға дейін, Қырғызстанға — 2 есеге, 88 мың тоннадан 178 мың тоннаға дейін өсті.

Иранға экспорт көлемі 16 есеге өсіп, 54 мың тоннадан 871 мың тоннаға дейін, Әзербайжанға — 111 есеге, 5 мың тоннадан 557 мың тоннаға дейін артты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив