Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
512.34 582.07 6.31

ENACTUS Kazakhstan National жастар кәсіпкерлігі Кубогының жеңімпаздары еліміздің атынан әлемдік чемпионатқа қатысады

Бүгін, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында жастар кәсіпкерлігінің 30 жылдық мерейтойлық кубогы – ENACTUS Kazakhstan National Expo 2025 көрмесі өтті. Бұл – халықаралық ENACTUS бағдарламасы аясындағы ең үздік студенттік жобалар ұсынылатын жыл сайынғы ұлттық көрме.

Ашылу салтанатына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы, ENACTUS KAZAKHSTAN директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов және ENACTUS KAZAKHSTAN президенті Альбина Ержанова қатысты. ENACTUS Kazakhstan National Expo – еліміздегі жастар кәсіпкерлігін, тұрақты дамуды және әлеуметтік бастамаларды ілгерілететін ең ірі алаң. Биыл бұл жобаға Қазақстанның 20 өңірінен 230 өтінім келіп түсті. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 189 команда жарысты жалғастыру құқығына ие болды. 

Іс-шараға қатысушыларды құттықтаған Ермек Көшербаев бұл бастаманың жастар әлеуетін арттырудағы маңыздылығын атап өтті.

«30 жыл ішінде бұл қозғалыс мыңдаған қазақстандық жастарды біріктіріп, олардың көшбасшылық қабілеттерін ашуға, кәсіпкерлік әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Мемлекет ENACTUS қозғалысын жастардың мүмкіндіктерін ашуға, батыл идеяларын жүзеге асыруға және кәсіби мансабын сәтті бастауына жағдай жасауға бағытталған бастама ретінде қолдайды. Сіздер – жаңа буын өкілдері, еліміздегі инновациялардың қозғаушы күші болып, табысты стартаптар құрып, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етесіздер!», — деді Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

ENACTUS Kazakhstan National Expo 2025 жеңімпаздары еліміздің атынан Таиландта өтетін ENACTUS World Cup 2025 әлемдік студенттік кәсіпкерлік жобалар чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болады. Бұл байқауға 35 елдің командалары жиналады.

«Біздің еліміз әлемде бірінші болып дәстүрлі студенттік бағдарламамен қатар ENACTUS мектеп бағдарламасын әзірлеуге кірісті. ENACTUS, бизнес және мемлекет арасындағы тиімді ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өткім келеді. Мұндай ынтымақтастық тек шағын бизнесті қолдау саласында ғана емес, сонымен қатар жаһандық мақсаттарда да болашағы зор болып саналады. Бұл барлық тараптарға нақты пайда әкелетін бағыт», — деді «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы, ENACTUS KAZAKHSTAN директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов.

Халықаралық ENACTUS бағдарламасы 50 жыл бойы әлемнің 35 елінде студенттік кәсіпкерлікті дамытуда. Жыл сайын бұл бағдарламаға 1 800 университеттен 72 000-нан астам жастар қатысады. Осы уақытқа дейін ENACTUS аясында 4 000-нан астам жоба жүзеге асырылған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив