Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
512.34 582.07 6.31

Теміржол жиектері қоқыстан тазартылады

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәли вагондардың жылжымалы құрамына отырып, Семей қаласына кіреберіс жолдардың тазалығын тексерді. Аймақ басшысы «Семей» және «Жаңа Семей» станциялары аралығындағы темір жол жиектеріне назар аударды.

Тексеріс барысында Семей қаласының ішінде және шеткері аумақтарында бірқатар рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері бар екені анықталды.

Облыс әкімі қала әкімдігінің өкілдеріне теміржол бойындағы аумақтарды бақылауда ұстап, жол жиегінде шашылып жатқан қоқыстарды дереу шығаруды тапсырды. Тазалық талаптарын орындамағандарға заң аясында тиісті шара қолданылатынын ескертті.

«Теміржол жиектерінде шашылып жатқан қоқыс өте көп. Қаламызға келетін қонақтар осының бәрін көріп жүр. Мұны тез арада ретке келтіру қажет. Қалаға кіреберіс теміржол жиектері мен тас жолдардың маңындағы барлық қоқыстарды жинап, шіріген ағаштарды тазарту керек. Әр аумаққа «қоқыс тастауға болмайды» деген белгішелер қойыңыздар. Бейнекамералар санын көбейтіңіздер. Талапты орындамаған тұрғындарға заң аясында айыппұл салу жағын қарастыру керек»,- деді облыс әкімі.

Айта кетейік, аймақта 5 сәуірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс әкімінің бастамасымен жалпыөңірлік тазалық акциясы басталған болатын. Апта сайын өткізілетін сенбіліктерге 105 мыңға жуық тұрғын атсалысып, 4581 ұйым мен 2 мыңға тарта техника жұмылдырылды. 77 мың аула тазаланып, 955 саябақ пен 300-ден астам ескерткіш аумағы реттелді. 20 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына шығарылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив