Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.16 584.86 6.25

50-ден астам дрон шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес шараларына жұмылдырылды

Сурет: АШМ

Кеше, 16:17 018.kz

2024 жылы Қазақстанда үйірлі шегіртке зиянкестерінің таралуы 2,5 млн гектар аумақты қамтиды деп болжанған. Алайда күрес шаралары нақты түрде 3,1 млн гектар жерді қамтыды. Химиялық өңдеулер барысында 423 бүріккіш техникасы қолданылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарының зақымдануына және шегірткелердің көршілес аумақтарға көшуіне жол берілмеді.

«Пестицидтер мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде 694 млн теңге көлемінде үнемделген бюджет қаражаты есебінен 7 барлау дроны, 46 химиялық өңдеуге арналған дрон және 68 автокөлік сатып алынды. Түркістан және Жамбыл облыстарында шегіртке ошақтарын анықтауда барлау дрондары жоғары тиімділікті көрсетті», — деп хабарлады Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті.

Химиялық өңдеуге арналған агродрондар Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында қолданылады.

Түркістан және Жамбыл облыстарында дрондармен мың гектардан астам жер өңделді. Қолданылатын технология қысқа мерзімде және жоғары дәлдікпен жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив