Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.16 584.86 6.25

Қазақстандық астық Мароккоға теміржол арқылы жөнелтілді

Кеше, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Жаңа-Есіл (Ақмола бөлімшесі) және Сарыкөл (Қостанай бөлімшесі) станцияларынан қазақстандық астықтың бірінші партиясы Марокко Корольдігіне жөнелтілді. Көлемі 105 астық таситын жүк вагоны Латвия аумағы арқылы теміржол көлігімен жүріп өтеді. Лиепая портында астық теңіз кемелеріне тиеліп, Солтүстік Африка жағалауына жеткізіледі.

ҚТЖ тасымалдау өтінімдерін жедел өңдейді және логистиканы қамтамасыз етеді.

Осы бағытта еліміздің солтүстік өңірінде өндірілген астық тиелген 17 теміржол құрамын жөнелту жоспарланған. Астықтың жалпы көлемі 60 мың тоннаны құрайды. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив