Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.16 584.86 6.25

Сенатта ветеринария қызметін жаңғырту жолдары қаралды

Кеше, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары ветеринария қызметін дамыту мәселесін талқылау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың басшылығымен кездесті.

Комитет төрағасы Әли Бектаев эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, ветеринария мамандарының біліктілігін арттыру, ветеринария қызметінің инфрақұрылымын жаңғырту және ветеринариялық лабораторияларды қазіргі заман жабдықтарымен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Тиімді ветеринария жүйесі еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетіне тікелей әсер етеді.

«Аграрлық секторды тұрақты дамыту үшін тиімді және заманауи ветеринариялық жүйе құру қажет. Онда аурудың алдын алу туралы ғана емес, сонымен қатар азық-түлік нарығы мен халықтың денсаулығын қорғау және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту салалалары қамтылуы тиіс. Бүгінгі таңда эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету, мамандар даярлау деңгейін арттыру және инфрақұрылымды жаңғырту ісі аса маңызды. Бұл шаралар отандық мал шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негіз болады», - деді Әли Бектаев.

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Бағлан Бекбауов өкілі өз кезегінде 2022 жылдан 2025 жылға дейін қабылданған шаралардың арқасында жануарлардың аса қауіпті аурулары ошақтарының саны екі есеге жуық азайғанын айтты. Вакцинация белсенді жүргізілуде, отандық өндіріс дамуда, препараттарды жеткізуге тікелей шарттар жасалды.

Отырыста ветеринария саласына маман даярлау, білім беру бағдарламаларының сапасын жақсарту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен ветеринария мамандарының біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив