Әскери бөлімде «Ашық есік күні» өткізілді
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 44736 әскери бөлім аумағында Семей қаласындағы №49 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік» күні өткізілді.
Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға 8-9 сынып оқушылары қатысты. Әскери бөлім аумағында ұйымдастырылған шара аясында оқушылар әскери өмірді көріп, әскери киім үлгілерімен және қару жарақ түрлерімен танысты. Шара аясында әскери қызметшілер қонақтарға заманауи атыс қаруының мүмкіндіктері, қорғаныс құралдарының техникалық сипаттамалары туралы айтып берді.
Бұдан өзге оқушылар бөлім аумағына экскурсия жасап, спорт қалашығы мен сарбаздардың тұратын казармалармен танысты. Сонымен қатар саптық алаңда келген қонақтарға саптық дайындықтың орындалу тәсілдері көрсетілді.
Шараға келген оқушылар әскери бөлім қызметкерлеріне осындай ұйымдастырылған шара үшін алғыстарын білдіріп, олардың ел қорғау ісіне табыстар тіледі.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі