Облыс әкімі қытай инвесторларымен кездесті
Абай облысының әкімі Берік Уәли Қытайдың Чанцзи мемлекеттік жоғары технологиялар индустриялық аймағынан келген делегация мүшелерімен кездесті. Делегация құрамында құрылыс, тау-кен өндірісі, электроника және көлік құрастыру, көпір салу бағытында жұмыс істейтін компания өкілдері болды.
Аймақ басшысы қытайлық тарапқа облыстың әлеуеті мен мүмкіндіктері туралы айтып, өңірде көлік-логистика, машина жасау, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында инвестициялық жобаларды бірлесе жүзеге асыруға болатынын атап өтті.
.Қытайлық тарап өз кезегінде Абай облысында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып, біріккен кәсіпорындар ашу, инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік жобаларға инвестиция салу бойынша нақты ұсыныстар беретінін жеткізді. Айта кетейік, шет елдік компания өкілдері бұған дейін Алматы, Астана және Шымкент қалаларында бірнеше жобаны жүзеге асырған.