Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.87 632.01 6.76

Көкпектіде судан жүзуден болашақ чемпиондар даярланбақ

5-05-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпекті ауданының орталығы - Көкпекті ауылында жүзу бассейні пайдалануға берілді. Жаңа спорт нысанының ашылуына облыс әкімі Берік Уәли қатысты.

Нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтерді. Ғимараттың жалпы аумағы – 856,8 шаршы метр. Жүзу бассейнінің ұзындығы – 25 метр, ені – 8,5 метр. Бассейнде бір уақытта 10 адам жаттыға алады. Жүзуге арналған 4 жолақ қарастырылған.

Қазіргі таңда нысанда 2 жаттықтырушы жұмыс істейді. Бассейн күніне 60 спортшыны қабылдауға қауқарлы.

Аймақ басшысы спорт нысанының аудан халқы үшін маңызы жоғары екенін атап өтті.

«Қазіргі таңда облыс бойынша денсаулық сақтау, мектеп, балабақша, спорттық сауықтыру кешендерін салуды қайта қарастырып жатырмыз. Көкпекті ауданы бойынша да жоспарларымыз бар. Көкпекті ауданы тұрғындарының спортқа деген құлшынысын жақсы білемін. Осы ауданнан шыққан балуан Данияр Қайсанов Токио олимпиадасына қатысты. Бұл жерден де мықты спортшылар шығатынына кәміл сенеміз», – деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив