Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.16 584.86 6.25

Аймақ басшысы іргесі сөгіліп, құлаудың алдында тұрған көпірдің жағдайымен танысты

Бүгін, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Берік Уәли ауданға жұмыс сапары барысында «Көкпекті-Самар-Васильев өткелі» бағытындағы Тәлмен өзенінен өтетін көпірдің жағдайымен танысты.

Көпір облыстық маңыздағы жолда, елді мекеннен 29 шақырым қашықтықта орналасқан. Ұзындығы – 68 метр, жүру бөлігінің ені – 8,5 метр, бір жақты жаяу жүргіншілер жолағы да қарастырылған.

Былтырғы көктемдегі су тасқыны кезінде көпірдің төменгі бөлігін су шайып, жарық пайда болған.

Биылғы наурыз айында 392 тонна тас жеткізіліп, көпірдің тіреуіштері күшейтілді. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында салмағы 8 тоннадан асатын ауыр жүк көліктеріне уақытша шектеу қойылған.

Аудан әкімі аймақ басшысына көлік өткеліне тұрғындар тарапынан шағым көп түсетінін жеткізіп, жөндеу жүргізуге көмек көрсетуді сұрады.
Облыс әкімі көпір мәселесіне қатысты тиісті шешім қабылданатынын айтты.

«Бұл көпір Көкпекті ауданын Шығыс Қазақстанмен байланыстырады. Ауданның үш ауылының тұрғындары осы өткел арқылы қатынайды. Нысанды жөндеу мәселесін қарастырамыз»,- деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив