Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.16 584.86 6.25

Сыртқы сауда, тарифтер және қазақстандық экспортты ілгерілету: Taldau Talks подкастының жаңа шығарылымы жарияланды

Бүгін, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың YouTube-арнасында Taldau Talks подкастының жаңа шығарылымы жарияланды. Бұл жолы қатысушылар сыртқы сауда және қазақстандық экспортты ілгерілету мәселелерін талқылады. Сондай-ақ жаһандық тарифтік трендтер, отандық экспорттаушыларды қолдау, логистикалық тізбектер мен көлік инфрақұрылымын дамыту тетіктеріне де баса мән берілді.

Подкастты дәстүрлі түрде Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев жүргізіп отырды. Талқылауға Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, «Шин-Лайн» компаниялар тобының президенті Андрей Шин және KPMG Кавказ және Орталық Азия серіктесі Болат Мыңбаев қатысты.

Талқылау барысында қатысушылар АҚШ-тың протекционистік саясаты мен жаһандық логистикалық тізбектегі өзгерістерден бастап қазақстандық өндірушілердің сыртқы нарықтардағы позицияларын нығайтуды көздейтін нақты қадамдарға дейінгі тақырыптарға жан-жақты тоқталды.

Сенат Төрағасы атап өткендей, Қазақстан экспортқа бағдарланған ел болуы керек. Ал, отандық компаниялар жаһандық ойыншыларға айналуы қажет.

«Компанияларымыз дамып, экономикалық, инновациялық, технологиялық тұрғыдан көшбасшылардың бірі болуымыз үшін біз жаңа нарықтарды игеруіміз керек. Қазіргі мүмкіндіктерді әрдайым назарда ұстау қажет. Сондай-ақ мемлекеттің отандық компанияларға сол мүмкіндіктерді пайдалануға қолдау көрсетуі аса маңызды. Мемлекеттік қолдау түсінікті, тиімді болуға және отандық өндірушілердің шетелдік нарықтағы орнын нығайтуға ықпал етуге тиіс», – деді Мәулен Әшімбаев.

Подкаст барысында сауда байланыстары мен экспорттық стратегияларды кеңейту жөнінде кәсіби ұсыныстар да айтылды. Бұған қоса қосылған құны бар өнім үлесін ұлғайту, ішкі үздіксіз өндірісті қамтамасыз ету және тұрақты экспорттық инфрақұрылымды қалыптастыру мәселелері сөз болды.

Подкастың толық нұсқасын мына сілтемесі арқылы көруге болады:  https://youtu.be/yXdnv4_yHOI

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив