Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Күн тәртібінде: Салалық компаниялармен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша

5-05-2025, 18:48 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде министрі
Ж.Х. Мәдиевтің төрағалығымен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы салалық компаниялармен және мүдделі мемлекеттік органдармен кездесу өтті.

Талқылаудың басты тақырыбы Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік операциялық орталықтарының ағымдағы жағдайы және өз кезегінде салалық компанияларға отандық шешімдерді шетелдік нарыққа экспорттауға, сондай-ақ киберқауіпсіздіктің экожүйесін нығайтуға көмектесетін киберкластер құру мақсатында лицензиялық талаптарды қатаңдату болды.

Киберқауіпсіздік саласындағы салалық компанияларды қолдау тетіктерін пысықтауға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, салалық компаниялар тарапынан ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 658 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының жалпыұлттық жоспарының 40-тармағының іс-шараларын орындау шеңберінде талданатын және көзделетін болатындығы айтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив