Экология министрі Абай облысындағы орман шаруашылығы мекемелердің жұмысын тексерді
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жұмыс сапарымен Абай облысындағы орман шаруашылығы нысандарын аралады.
Ол облыс орталығы Семей қаласында «Семей орманы» МОТР РММ ұжымымен кездесу өткізіп, саланы дамыту перспективалары мен алдағы кезеңге арналған міндеттерді айқындады.
Бұдан басқа, алдағы өрт қауіпі бар маусым аясында Е.Нысанбаев Бородулиха филиалы Камысты орманшылығының орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің антена-мачталық құрылғысын орнату орындарына және орман өрт станциясына барды. Ол жүргізілген жұмыстарға оң баға берді.
Айта кетейік, министрлік орман мекемелерін арнайы техникамен және жабдықтармен жарақтандыру бойынша шаралар қабылдауда, бұл еліміздің ең өрт қаупі жоғары 11 өңірінде орман шаруашылығын толық көлемде жаңартуға және жарақтандыруға мүмкіндік береді.