Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
518.53 588.17 6.39

Shakarim University – жылқы шаруашылығы жөніндегі жаһандық диалогтың эпицентрінде

Бүгін, 16:17 SHAKARIM UNIVERSITY

2025 жылғы 4–5 мамыр күндері Қазақстан тарихында алғаш рет I Халықаралық жылқы шаруашылығы конгресі өтті.

Shakarim University қабырғасында өткен айтулы іс-шара  Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының ауылшаруашылық университеттері, ғылыми-зерттеу институттары, асыл тұқымды шаруашылықтары мен министрліктерінің өкілдерін, жетекші мамандар мен ғалымдарды біріктірді.

Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аграрлық ғылымды жаңғырту және гендік қорды сақтау жөніндегі стратегиялық тапсырмасына жауап ретінде белгіленген жаңа бағыт.

Конгрестің басты нысанына айналған – қазақ жылқысы. Бұл – ұлттың коды, экономикалық ресурс және өркениеттік жадының бір бөлігі.

Осы тапсырма берілген уақыттан бері біраз уақыт өтсе де, дәл осы Абай облысындағы аймақтық университет осы міндетті өз мойнына алып, жергілікті деңгейде әрекет ете отырып, жаһандық мәселелерді шешу жұмыстарына бел шеше кірісті. 

Қытай Халық Республикасының Ауыл шаруашылығы университетінің профессоры Sheng Ming Zeng, Абай облысының Бесқарағай ауданындағы асыл тұқымды шаруашылықтарда – қазақ және мұғалжар жылқы тұқымдарының бірегей типтері қалыптасқан республикалық маңызы бар орталықта делегациямен бірге болған сапарында былай деді:

«Бесқарағай» типінің қалыптасуы генетикалық материалмен ауқымды жұмыс және ерекше геноқорды сақтау арқасында мүмкін болды. Қазақстандық ғалымдар жылқы шаруашылығы өнімдерін селекциялау мен қайта өңдеуге өз үлестерін қоса бастады. Біз ет, сүт, селекция мен генетика салаларында күш біріктірсек, бұл саланы болашағы зор индустрияға айналдыра аламыз».

Шетелдік ғалымдар жоғары массасы әрі жыл бойы жайылымда бағылатындығымен ерекшеленетін қазақ жылқыларына қатысты Қазақстан ғылымының жетістіктерін жоғары бағалады.

Осы маңызды оқиғаның қорытындысы ретінде 2025–2027 жылдарға арналған нақты қадамдары бар РЕЗОЛЮЦИЯ қабылданды.

Басты басымдықтар ретінде:

Shakarim University базасында Жылқы шаруашылығы бойынша ғылыми-инновациялық орталық құру

(Жылқы генетикасы мен репродукциясы зертханасы, оқу-тәжірибелік фермасы);

Ұлттық цифрлық реестр әзірлеу және енгізу;

Өнімді тұқымды жылқылар бойынша ұлттық деректер базасын құру;

Қазақ және муғалжар тұқымдарын селекциялау бойынша ұлттық бағдарлама бастау;

Жастар мен білім беру бағдарламаларын іске қосу;

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту және басқа да бастамалар.

Конгресс қабылдаған басты құжаттардың бірі – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне жолданған үндеу. Онда келесі ұсыныстар қамтылған:

Жылқы шаруашылығын дамыту жөніндегі Ұлттық бағдарламаға ресми мемлекеттік мәртебе беру;

Университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары базасында тұқымдардың сандық және генетикалық мониторингін қолдау;

Shakarim University-ді Шығыс Қазақстан аймағында жылқы шаруашылығы саласындағы ғылыми хаб ретінде тану.

Конгресс қатысушылары қазақ жылқысының генетикалық мұрасын сақтау мен нығайту, жылқы шаруашылығын ғылым, бизнес және мәдениет ретінде дамыту, оның абыройын көтеру бойынша тарихи жауапкершілік пен символдық миссияны өз мойнына алды.

Shakarim University ректоры Думан Орынбековтің айтуынша:

«Қытайлық әріптестермен бірге өнімді тұқымдардың жаңа болашағына, аграрлық қауіпсіздіктің, экспорттың, мәдениет пен ұлттық болмыстың негізі ретіндегі жылқы шаруашылығын стратегиялық қайта пайымдауға бағытталған ортақ қадам жасалды.

Конгресс аясында Абай облысындағы асыл тұқымды шаруашылықтарда қатысушылар «Бесқарағай» типіндегі қазақ жылқысы мен «Ертіс» типіндегі муғалжар тұқымын көрді. Бұл — тарих, бұл — Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың аграрлық ғылымды қайта жаңғырту және ұлттық селекцияны дамыту жөнінде айтқанындай,  біз мәдени әрі экономикалық мұрамызды жоғалтуға құқымыз жоқ екенін нақты көрсететін жағдай».

Біз, Конгресс қатысушылары, қазақ жылқысының генетикалық мұрасын сақтау мен нығайтуға, жылқы шаруашылығының ғылым, бизнес және мәдениет ретіндегі абыройын көтеруге жауапкершілік ала отырып, жаңа оқу жылынан бастап саланы дамыта алатын жаңа буын мамандарын дайындауды бастаймыз.

Бүгін  Shakarim University қабырғасында өткен I Халықаралық жылқы шаруашылығы конгресі қазақ жылқы шаруашылығының тарихына жазылғанын еш күмәнсіз айтуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив