Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
514.5 582.67 6.35

Сингапурлық Carbonzeroed компаниясымен кездесуде энергия тиімділігі саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Бүгін, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев сингапурлық Carbonzeroed компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Робин Томас бастаған өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ғимараттардағы энергия тұтынуды оңтайландыру және көміртегі ізін азайтуға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Әсіресе Қазақстан аумағында пилоттық жобаны жүзеге асыру перспективаларына ерекше назар аударылды.

Пилоттық жоба қайтарымсыз негізде жүзеге асырылады деп жоспарлануда және сынақ нысаны ретінде жалпы білім беретін мектептердің бірінің ғимараты пайдаланылмақ. Carbonzeroed компаниясы ұсынатын технологиялар ғимараттарда ресурстарды тұрақты тұтынуға бағытталған.

Комитет төрағасы тұрақты технологияларды құрылыс саласына енгізудің маңыздылығын атап өтіп, мұндай шешімдерді болашақта басқа да нысандарға кеңінен енгізуге болатынын жеткізді.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалог үшін алғыс білдіріп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екендерін растады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив