Облыс әкімі Жаңа Шүлбі ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда болды
Облыс әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысандарда болды.
Аймақ басшысы Жаңа Шүлбі ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға барды. Медициналық мекеме «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында бой көтерген. Заманауи талаптарға сай салынған нысан қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Мұнда 17 адам жұмыс істейді. Нысан аумағы абаттандырылып, бейнебақылау камералары орнатылған. Күндізгі стационар бөлімшесінде 10 төсек орны қарастырылған. Бір ауысымда 25 адамға дейін қабылдай алады.
Республикалық жоба аясында былтыр ауданның 3 елді-мекенінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталған.
«Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан жоба аясында облысымыздың елді-мекендерінде жаңа медициналық мекемелер пайдалануға беріліп жатыр. Жаңа Шүлбідегі дәрігерлік амбулаторияда науқастарды қабылдайтын кабинеттер заманауи құралдармен жабдықталған. Енді ауыл тұрғындары қалаға бармай, өз ауылдарында сапалы медициналық көмек алады», – деді аймақ басшысы.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ