Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
513.74 569.17 6.33

Мәжіліс жасанды интеллект туралы заң жобасын қарайды

Бүгін, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Бірінші оқылымда Мәжіліс депутаттарының қарауына «Жасанды интеллект туралы» жаңа заң жобасы және оған ілеспе түзетулер ұсынылады.

Аталған заң жобаларын Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмаларын іске асыру үшін Мәжіліс депутаттары әзірлеген. Мақсаты – жасанды интеллект технологиялары мен жүйелерін қолдануға арналған бірыңғай құқықтық негіз қалыптастыру, оларды әртүрлі салаларда қауіпсіз, этикалық және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Ілеспе түзетулер жасанды интеллектіні пайдаланатын өнімдерге қатысты тұтынушылардың құқықтарын қорғауды, мұндай жүйелер арқылы өңделетін дербес деректердің қорғалуын, сондай-ақ жасанды интеллект көмегімен жасалған медиаөнімнің таратылу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Сонымен қатар жасанды интеллект жүйелерінің иелері немесе меншік иелері үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

Депутаттардың қарауына екінші оқылымда азаматтық қорғау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер ұсынылады. Олар тиісті органдар қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін арттыруға, адамдар көп жиналатын нысандарды пайдалануға беру кезінде өрт қауіпсіздігі бақылауын қайтаруға, сондай-ақ бірқатар басқа норманы іске асыруға бағытталған. Заң жобасын екінші оқылымға дайындау барысында депутаттар азаматтық қорғау органдарының мұқтаж қызметкерлерінің тұрғын үй мәселелерін шешуге қатысты түзетулер енгізді.  Атап айтқанда, тұрғын үй төлемдерін алу құқығын беру және қызметтік пәтерлерді жекешелендіру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Сондай-ақ Палата қарауына 2009 жылғы 9 маусымдағы Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорын (бұдан әрі – Қор) құру туралы шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы енгізіліп отыр. Қор оған мүше мемлекеттердегі экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, тұрақты дамуға жәрдемдесу мақсатымен құрылған. Хаттама Қорды дербес халықаралық ұйым ретінде қайта құруды көздейді.

Сонымен қатар Мәжіліс Франция Республикасының Үкіметімен жасалған реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы жаңа заң жобасын жұмысқа алатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив