Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.06 566.32 6.32

АШТӨ-ге 215 мың тонна арзандатылған отын жөнелтілді – Энергетика министрлігі

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов шаруаларды қолжетімді бағадағы ЖЖМ-мен қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ол 30 қаңтарда энергетика және ауыл шаруашылығы министрліктері осы жылдың 1 ақпаны мен 30 маусымы аралығында 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 400,9 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін бекіткенін атап өтті. Дизель отынының бағасы – ҚҚС қосқанда литрі 254 теңге, бұл жанармай құю стансасындағы бөлшек сауда бағасынан 15-20% арзан.

Сондай-ақ министр АШТӨ үшін дизель отыны қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданды:

- жеке ПИН-кодтар алынды;

- дизель отынын сары (АМӨЗ), көк (ШМӨЗ) және қызыл (ПМХЗ) түстерге бояу жүргізілді;

- электронды счет-фактура жүйесіне дизель отыны үшін бөлек виртуалды қойма құрылды.

Көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің дизель отынына қажеттілігі 400,9 мың тоннаны құрайтыны, оның 215 мың тоннасы немесе 54%-ы ақпан-сәуір айларында жөнелтілгені атап өтілді.

«Осыған байланысты АШТӨ дизель отынымен уақтылы қамтамасыз ету үшін жеткізушімен мұнай өнімдерін сатып алу-сату шарты жасалған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде дизель отынының бөлінген көлемі үшін төлемді жеделдету қажет. Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер атына жөнелту басым негізде жүзеге асырылады және тұрақты бақылауда болады» — деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив