Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Бас прокуратура кісі өлтіру ісінің жалған ашылу фактісін анықтады

3-04-2023, 16:00 018.kz

33 жыл бұрын Қостанай облысының Федоров ауданында әйел кісіні өлтіру фактісі болған. Содан кейін қылмысты «ізін суытпай» ашу мүмкін болмаған және іс архивке «өткізілген».

2022 жылы, яғни 32 жылдан кейін аудан полициясы кісі өлтірушіні анықтау және тергеуді аяқтау туралы «баяндаған».

Өз еркімен кінәсін мойындау негізінде «Ж» деген біреу кінәлі деп танылған.

Бұл ретте, кісі өлтіру ісі күдіктінің қайтыс болуына байланысты тоқтатылған.

Алайда прокуратура анықтағандай, «Ж» кінәлі болып танылғаннан 5 жыл бұрын қайтыс болған. 

Басқаша айтқанда, ол кінәсін мойындау туралы жазбаған, қылмыс жасаудағы кінәсі қылмыстық іс материалдарымен дәлелденбеген.

Осылайша, полиция қызметкерлері қылмыстың ашылу көрсеткіштерін жасанды түрде арттыру мақсатында қылмыстық заңнаманың негізгі қағидаттарын бұзған.

Прокуратура «Ж»-ны кінәлі деп тану туралы барлық процестік шешімдердің күшін жойды. Тергеп-тексеруді ұйымдастыру басқа органға жүктелді.

Кінәлі қызметкерлерге қатысты жауапкершілікке тарту туралы мәселе көтерілді.

Осы мән-жайларды анықтау үшін Бас прокуратура қызметкерлеріне өңірге барудың қажеттілігі туындамады.

Электрондық форматтағы іс ақпараттық жүйелер арқылы онлайн-режимде зерделенді.   

Жалпы, азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің негізділігін тексеруді прокурорлар тұрақты негізде жүзеге асырады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив