Абай облысында «Re.Women» әйелдер қауымдастығының алғашқы кездесуі өтті
Абай облысында кәсіпкер әйелдердің басын қосқан ерекше жиын басталды. «Respublica» партиясы жанынан құрылған «Re.Women» әйелдер қауымдастығының алғашқы кездесуі жоғары деңгейінде ұйымдастырылып, жаңа белестерге жол ашты
Іс-шараға өңірдің түрлі саласында еңбек етіп жүрген бизнес өкілдері – іскер, белсенді әйелдер жиналды. Кездесу барысында Абай облысы бойынша Әйелдер кеңесі құрылып, қауымдастықтың төрағасы ретінде «Led City Semey» ЖШС басшысы Ахметканова Ляйля Ораловна бірауыздан сайланды.
Жиын модераторы ретінде «Respublica» партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш жаңадан құрылған қауымдастыққа сәттілік тілеп, жаңа бастаманың маңызын атап өтті.
Әйелдердің ұйымшылдығы мен бірлігін білдіру мақсатында қатысушыларға партиялық билеттер және бірыңғай көк түсті орамалдар табысталды. Бұл — жаңа қауымдастықтың айрықша символы.