Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Абай облысында жылына 6 мың арнайы техника шығарылмақ

17-05-2025, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы индустриалды-инновациялық даму жолында жаңа серпін алуда. Облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен өңірдегі ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі – «СемАз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндірістік қуатын айтарлықтай арттыруға кірісті.

Атап айтқанда, «СемАз» зауытының өнеркәсіптік алаңдары кеңейтіліп, арнайы техникалар шығаратын желілері жаңғыртылады. Заманауи қондырғылар мен цифрлық басқару жүйелері енгізілуінің арқасында зауыт жылына 6 мың дана арнайы техника өндіруге мүмкіндік алады.

Жоба аясында жүк көліктері, коммуналдық техника, жол тазалау және құрылысқа арналған ауыр техникалар шығарылмақ. Бұл – тек ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық әлеуетті де арттыратын маңызды қадам.

Облыс әкімінің айтуынша, бұл бастама өңірде жаңа жұмыс орындарын ашуға, инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға және шағын өнеркәсіптік кластерлерді дамытуға ықпал етпек.

«Абай облысы техника жасау саласында республика бойынша алдыңғы қатарлы өңірге айналуы тиіс. Бұл бағыттағы нақты жобаларға жан-жақты қолдау көрсетеміз», – деді Берік Уәли.

Жаңғыртылған «СемАз» зауытының өнімі еліміздің әр өңірінде қолданылып қана қоймай, шет ел нарығына да шығарылуы көзделуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив