Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
509.51 570.6 6.3

Шекара қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік

Бүгін, 15:50 018.kz

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекара арқылы өту кезінде тек заңға сай жолмен өтуге шақырады.

Қазіргі таңда шекарадан өту тәртібі ҚР заңнамасына сәйкес қатаң реттелген. Кез келген азамат шекарадан тек рұқсат етілген өткізу пункттері арқылы, тиісті құжаттармен, бақылаушы органдардың талаптарын сақтай отырып өтуі тиіс.

Жақында осындай талаптың бұзылуына жол бермеген азаматтың әрекеті үлгі боларлық жағдайға айналды. Семей қаласынан Ресей Федерациясына бағыт алған жолаушылар автобусының жүргізушісі жол бойынан бір жолаушыны мінгізеді. Алайда әлгі адам шекараға дейін жетпей түсуді сұраған. Бұл әрекет күмән тудырып, жүргізуші қырағылық танытып, шекараға жеткеннен кейін шекарашыларға дереу хабар береді. Нәтижесінде азаматтың шекараны заңсыз кесіп өтпек болған әрекетінің жолы кесілді.

Бұл оқиғада заңды бұзуға жол бермеген жүргізушіге ҚР ҰҚК ШҚ Абай облысы бойынша департамент бастығының атынан алғыс хат тапсырылды. Оның үлгі боларлық әрекеті – әр азаматтың шекара қауіпсіздігіне бейжай қарамауы керектігін көрсетеді.

Алайда мұндай жағдайлар шекара маңындағы халықтың құқықтық сауаттылығының жеткіліксіз деңгейін көрсетеді. Өкінішке орай, кейбір азаматтар ақша үшін заңсыз шекара кесіп өтуге жәрдемдесіп, (жолға апару, жеткізіп салу) құқық бұзушылыққа қатысуда.

Сондықтан ҚР ҰҚК ШҚ Абай облысы бойынша департаменті барлық азаматтарды, әсіресе шекара маңында тұратын тұрғындарды қырағылық танытып, мемлекеттік шекарамыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсенді атсалысуға шақырады.

Егер Сіз шекара кеңістігінде құқыққа қайшы әрекеттерге немесе күдікті тұлғаларға куә болсаңыз, тез арада келесі телефон нөмірлеріне хабарлауыңызды сұраймыз:

📞 8 (7222) 304-072

📞 8 (7222) 691-007

Шекарамыз – Тәуелсіздігіміздің тірегі. Оны бәріміз бірге қорғауға тиіспіз!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив