Абай облысының әкімі қытайлық инвесторлармен кездесті
Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапары аясында Алтай қаласында 20-ға жуық қытай инвесторларымен кездесті. Кездесуге өндіріс, ауыл шаруашылығы, жасанды интеллект, темір және әуе жолдары, көпір құрылысы, логистика, туризм, энергетика саларында жұмыс істейтін компания өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы қытайлық кәсіпкерлерге өңірдің әлеуетін таныстырып, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Кездесу барысында инвесторлар өздерінің жобаларын таныстырып, туризм, көлік логистика, ауыл шаруашылығы, салаларына, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын, жылу желілерін салуға байланысты ұсыныстарын айтты.
Аймақ басшысы кездесуде айтылған ұсыныстар жан жақты қарастырылып, әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетілетін атап өтті.
Айта кетейік, Абай облысының делегациясы ертең Алтай қаласында өтетін халықаралық «Үлкен Алтай» субөңірлік конференциясына қатысады. Облыс әкімі конференциядан кейін бір топ инвестормен кездесіп, меморандумға қол қояды.