Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.59 575.28 6.33

Премьер-министр ҰБТ-ны жоғары деңгейде ұйымдастыруды және студенттер мен оқушыларды жазғы жұмыспен қамтамасыз етуді тапсырды

Кеше, 18:48 Думан Кенжеғазыұлы

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу жылының аяқталуы мәселелері қаралды.

Елімізде биылғы оқу жылын 3,9 млн оқушы аяқтағалы отыр, оның 200 мыңнан астамы – он бірінші сынып оқушысы. Премьер-министр емтихандарды, ұлттық бірыңғай тестілеуді, балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру шараларын жоғары деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті. Тестілеу мен емтихан кезінде, «соңғы қоңырау» және мектеп бітіру кештерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігі бөлек атап өтілді.

«Ата-аналарға айтарым, мектеп бітіру кештерінде, ең бастысы жазғы демалыс кезінде балаларды қараусыз қалдырмаған жөн. Осыған баса көңіл бөлуді сұраймын. Ата-ананың аялы алақаны мен мейІрімі баланың жанын жақсылыққа бөлейді. Олардың бойындағы адамгершілік негіздері, қоғамдық ортадағы іс-әрекеті мен отаншылдық қасиеттерінің барлығы, бірінші кезекте отбасында қалыптасады. Ешқандай министрлік ата-ана қамқорлығы мен тәрбиесін алмастыра алмайды. Еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеу – мемлекет пен қоғамның бірлескен үлкен еңбегінің жемісі. Сондықтан саналы, білімді және нағыз отаншыл азаматтарды қалыптастыруда күш-жігерімізді нығайта түсейік дегім келеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Премьер-министр Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, жазғы кезеңде жұмыс істеуге ниет білдірген оқушылар мен студенттерді уақытша жұмыс орындарымен қамтуды ұйымдастыруды тапсырды. Барлық іс-шара еңбек құқықтары мен жас шектеулерін сақтау кепілдігімен жүргізілуі керек. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив