Дұрыс жүру – денсаулық кепілі
Семейде әскери қызметшілердің жұбайлары мен отбасы мүшелеріне жүріс-тұрысты қалыптастыру мен суретке сәтті түсудің жолдары көрсетілген шеберлік сабақтары өткізілді. Алғаш рет өткізіліп отырған шара қалалық мәдениет сарайында ұйымдастырылып, шеберлік сабағын тәжірибелі маман «Гүл сымбат» сән театрының жетекшісі Әсем Садуақасова жүргізді.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметкерлердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Ақмарал Ахметжанованың айтуынша, аталған іс-шараға әскери қызметшілердің бала күтімімен үйде отырған аналар да көптеп келді.
Шеберлік сабағы барысында «Гүл сымбат» сән театрының жетекшісі Әсем Садуақасова дефиле, яғни, жүріс - тұрыстың қарапайым ережелерін үйретті. Осы алғы шарттардың өзін дұрыс қолдану адам жүрісіне оң әсерін тигізеді дейді мамандар. Көп балалы ана, әскери қызметшінің жұбайы Балнұр Рыспаева шеберлік сабағы барысында жүріс-тұрыстың қарапайым ережелерін біліп қалдық дейді.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі