Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Абай облысында балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алу шаралары жүргізілуде

21-05-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Биылдан бастап Абай облысында балалардың терезеден құлауына байланысты үш жағдай тіркелді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бауыржан Садақбаев баяндады.

– Екі бала 5-қабаттан, ал бір бала балконнан құлап, түрлі жарақат алды. Қуанышқа орай, олардың өміріне қауіп төнген жоқ, алайда бастарынан жарақат алып, дереу медициналық көмек көрсетілді. Ата-аналардың екеуі Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды, – деді спикер.

Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізіп келеді. Жыл басынан бері білім беру ұйымдары мен елді мекендерде 300-ге жуық түсіндіру дәрісі мен 75 кездесу ұйымдастырылған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив