Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.02 607.55 6.5

Қытайдағы ірі фармацевтикалық зауытпен меморандумға қол қойылды

23-05-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр бастаған өңір делегациясы Қытайдың Үрімші қаласында жұмыс сапарымен жүр. Делегация мүшелері осы елдің ең ірі фармацевтикалық кәсіпорындарының бірі «Индуолань» зауытында болды. Дәрілік заттарды өндірудің технологиялық процесі, сапа стандарттары және инновациялық тәсілдермен танысты.

Сапар барысында Семей қаласында фармацевтикалық зауыт салу жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жоба өңірде заманауи дәрі-дәрмек өндірісін жолға қоюға, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Бұл бастама халықты сапалы әрі қолжетімді дәрілік препараттармен қамтамасыз етіп, Абай облысында медициналық кластердің дамуына жол ашады.

Айта кетейік, облыс әкімі Берік Уәли бастаған өңір делегациясы жақында Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесінің Алтай қаласында өткен халықаралық "Үлкен Алтай" субөңірлік конференциясына қатысқан болатын. Шара аясында Абай облысы мен қытай инвесторлары арасында 1,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын 15 меморандумға қол қойылды. Ерекше атап өтерлігі, аймақ басшысы сапар барысында 30-ға жуық қытай инвесторларымен кездесті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив