«Абайдың Толық адам ілімі»: ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас
Shakarim University-де ұлы ойшыл, ақын әрі реформатор Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Республикалық жастар форумы өтті. Форумның бастамашысы — ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Бұл «Толық адам» ілімінің мемлекеттік білім және тәрбие саясатының өзегіне айналғанын көрсетеді. Бүгінде кемел, жауапты, адамгершілікке негізделген тұлға қалыптастыру — елдің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты.
Форум Абай мен Шәкәрім дүниеге келген қасиетті жерде — Абай облысында өтті. «Абайдың Толық адам ілімі: Ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас» атауы елдің менталдық сәулетін қалыптастырып жатқан білім беру қауымдастығын, ғалымдар мен жастарды біріктірді.
Негізгі тақырыптар: ар-ождан, еңбек, білім, әділет пен жауапкершілік; «Толық адам» – ХХІ ғасырдағы білімнің жаңа бағыты; Ауэзов және қазіргі абайтану мәселелері; Жетілген тұлға – әділетті қоғам негізі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Толық адам» концепциясы — жастардың интеллектуалдық және азаматтық қалыптасуының негізі екенін бірнеше рет атап өтті. Форум «Ізденіс, тағылым, талап, нәтиже» формуласы аясында ашылып, бұл қағидалар білім мен тәрбие философиясының өзегіне айналды.
Форум мақсаты:Абайдың ілімін қазіргі заман талаптарына сай қайта ұсыну, жастардың бойына гуманизм, ішкі өсуге ұмтылу және жауапкершілік сияқты құндылықтарды орнықтыру.
Қатысушылар қатарында:ҚР ҒЖБМ комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызы, профессор Гүлтас Құрманбай, Астана қаласы сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары Қанат Оспанов, М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың баспасөз хатшысы, абайтанушы Азимхан Исабек, 70-тен астам ЖОО өкілдері – проректорлар, оқытушылар мен студенттер.
Ректор Думан Орынбеков Абай ілімін стратегиялық даму құралына айналдыру қажеттігін атап өтті. Ақерке Абылайханқызы университеттердің тәрбие берудегі рөліне тоқталса, Қанат Оспанов Астанадағы сот жүйесіне заңгер түлектерді тарту бойынша «Елордаға жол» жобасын таныстырды. Профессор Гүлтас Құрманбай Абайды жастарға ескі тәсілмен таныстыру – олардың қызығушылығын жоғалту қаупін тудыратынын ескертіп, заманауи форматтарды қолдану қажеттігін айтты. Азимхан Исабек Абайдың тікелей ұрпақтарының Шымкентте жерленуі туралы тың деректерді ұсынды және «Әуезов пен Абай» екі томдығын таныстырды.
Shakarim University бастамалары: «Абай мен Шәкәрім» атындағы философия және этика орталығын ашу; «Абай – Шәкәрім – бүгінгі күн» модулін оқу бағдарламаларына енгізу; «Жас тұлға» арнайы грантын тағайындау; «Жас Абай жолы» цифрлық платформасын іске қосу.
Форум аясында «Абай жастары» жастар орталығы семинар-тренинг өткізді. TED talks форматында жастар өз ойларымен бөлісіп, «Қарагөз» қойылымын тамашалады, «ShakarimQuiz» ойынына қатысты.
Ең белсенді қатысушыларға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің алғыс хаттары мен сертификаттары табысталды.
Қорытынды сапар: делегация Абай облысының киелі орындарын — Күшікбай мемориалы, Бөрілі, Сырт Қасқабұлақ, Жидебай, Абай–Шәкәрім кешенін аралады. Бұл рухани сапар жастарға терең әсер қалдырды.
Қорытынды. Shakarim University ұйымдастырған форум – бүгінгі Қазақстанның болашағына жасалған тұжырымды жауап болды. Ол рухани мұра мен қазіргі заман сын-қатерлерінің түйіскен тұсында өміршең даму үлгілері мен ұлттық бағыттың нақты бағдарын көрсетіп берді.
Бүгінде тұрақты даму - Қазақстан саясатының мәндік діңгегіне айналды. Ал оның бастауы - Жетілген Адам. Саналы. Адал. Жауапты. Себебі кемел тұлға қалыптасқан жерде – тұрақты қоғам құрылады.