Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
538.89 629.53 6.34

Мемлекет басшысы Ivanhoe Mines Ltd. компаниясы директорлар кеңесінің атқарушы тең төрағасы Роберт Фридландты қабылдады

29-05-2025, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Кездесуде геологиялық барлау, кен игеру және металл өңдеу салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Президентке Қазақстандағы Шу-Сарысу мыс бассейнінде ауқымды геологиялық барлау жұмыстарының басталғаны жөнінде мәлімет берілді. Ivanhoe Mines компаниясы бұған дейін аталған учаскедегі қазба байлықтарын зерттеуге 18,7 миллион доллар бөлгенін және инвестиция көлемін 4 жылда 115 миллион долларға дейін ұлғайтуға ниетті екенін хабарлаған еді.

Роберт Фридланд бұл жобаны жүзеге асыру барысында озық аэрогеофизикалық технологиялар мен мәліметтердің цифрлық талдауын пайдалану жоспарланып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, Қазақстанның мыс игеру тарихындағы ең ауқымды жобаны іске асыру әлемдегі осы руданы өңдеу ісінде жаңа перспективаға жол ашады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив