Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер - балалардың көзімен

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің №6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері «Айым» балабақша бөбекжайының «Ботақан» мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілерінің қатысуымен Халықаралық балаларды қорғау күні аясында «Бала қауіпсіздігі басты орында» тақырыптық күніне арналған «Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер - балалардың көзімен» атты сурет сабағын өткізді.
Сабақ барысында балалар жер бетінде оттың қалай пайда болғанын, өрттің не екенін, оның себептерін, өрт кезіндегі мінез-құлық ережелерін, өрт шыққан кезде қандай нөмірге қоңырау шалу керектігін білді.
Шара қатысушылары «Сұрақ-жауап» викторинасында «Болады-болмайды», «Қауіпті-қауіпсіз» деген сұрақтар топтамасына жауаптар беріп, шараға белсене қатысты.
Әрі қарай балалар құтқарушы, өрт сөндіруші мамандықтарымен жақынырақ танысу үшін ашық түстермен дайын суреттерді қызығушылықпен бояды. Балалардың қиялы өрт сөндіруші мен құтқарушы мамандығына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп, ол тек өртте адамдарды батыл құтқаратын өрт сөндіруші ғана емес, сонымен бірге ол адал дос және тәлімгер екеніне көздері жетті.
Мұндай іс-шаралар балалардың өрт сөндіруші мамандығына деген қызығушылығын тудырып, құрмет көрсетуге әсер етеді. Өйткені, өртке қарсы қауіпсіздік - бала өсіп, тәрбиеленетін ортаның міндетті құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.