Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.67 582.38 6.53

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Абай облысында әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті

3-06-2025, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық құрылтайдың IV отырысының қорытындылары аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол Семей қаласындағы №51 орта мектебінде өңірдің әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті.

Жиынға білім, мәдениет және спорт саласының өкілдері қатысты. Басқосу барысында қатысушылар Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы бастамалары мен әлеуметтік саланы дамыту бағытындағы саясатты талқылап, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Президент кеңесшісі сала мамандарының ұсыныстарын тыңдап, әлеуметтік саланы жақсартуға бағытталған жобалар мен бастамалар туралы ақпарат берді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, әлеуметтік саланы одан әрі дамыту жөніндегі нақты ұсыныстар мен тәжірибе алмасу алаңына айналды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив