Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.67 582.38 6.53

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Шәкәрім университетінде болды

3-06-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев Абай облысына жұмыс сапары аясында Шәкәрім университетіне барды. Ең алдымен, ол ұлы ойшыл, ағартушы Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.

Сапар барысында университет ректоры – басқарма төрағасы Думан Орынбеков мәртебелі қонақты оқу орнының бас ғимаратымен таныстырып, жоғары оқу орнында атқарылып жатқан жұмыстар мен жобалар туралы ақпарат берді.

Мәлік Отарбаев университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен және жас ғалымдармен кездесіп, Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы бастамалары мен әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған саясаты аясында еркін пікір алмасты. Жиында жоғары білім беру жүйесін жетілдіру, жастарды қолдау және ғылымның дамуы төңірегінде нақты ұсыныстар мен өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Президент кеңесшісі сала мамандарының ой-пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив