Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.19 582.79 6.46

Абай облысында құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу өтті

4-06-2025, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Семей медицина университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмаларын түсіндіру мақсатында құқық қорғау органдары өкілдері мен әскери қызметкерлермен кездесу өтті. Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, өңірдегі құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Кездесуді ашқан аймақ басшысы Президенттің Ұлттық құрылтайдағы бастамалары ел болашағына бағытталған маңызды бағдар екенін атап өтті.

«Көкшетауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы «Заң мен тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз. Бұл, ең алдымен, еліміздің әр азаматына және барша халқымызға ортақ тәртіп» деп қоғамдағы өзекті мәселелерге нақты тоқталып, еліміздің болашағына қатысты бірқатар шешуші бағыттарды айқындап берген болатын. «Заң мен тәртіп» қағидасы – қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты тетігі ретінде еліміздің саяси бағытының маңызды бағдары болып отыр. Бұл – құқық қорғау саласына үлкен жауапкершілік жүктейтін мәселе. Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер – қоғамдағы өзара түсіністік пен сенімді арттыруға, ұлттық тұтастық пен әлеуметтік әділеттілікке негізделген мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған»,- деді облыс әкімі.

Кездесуде облыстық Ішкі істер органдары ардагерлері ұйымының төрайымы Раиса Косубаева, облыстық прокуратураның басқарма басшысы Мейіржан Қалиасқаров, Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Закимов өңірде «Заң мен тәртіп» қағидасының жүзеге асырылу бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.

Жиында сөз алған Президент кеңесшісі Ұлттық құрылтайдың идеологиялық маңызы бар алаңға айналғанын атап өтті.

«Президенттің бағдарламалық баяндамасы мемлекеттік маңызы бар құжат. Мемлекет басшысының бұған дейін өткен Ұлттық құрылтайлардағы бастамалары қоғамдағы өзекті мәселелерді дөп басып, бүгінгі таңда мемлекеттік деңгейде өз шешімін тауып келеді. Біздің алдымызда үлкен міндет тұр. Мемлекетті сақтау, мемлекетшілдік дәстүрді жалғастыру, тәуелсіздіктің тұғырын биіктету. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Президент Ұлттық құрылтайда «Заң мен тәртіп» қағидасы туралы айтты. «Тәртіпке бас иген құл болмайды» дейді Бауыржан Момышұлы. Сондықтан заң мен тәртіпке бас ию біздің негізгі ұстанымымызға айналуы керек»,- деді Мәлік Отарбаев.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив