Аягөздің шенеуніктері арқан тартыста алға шықты
«Жігітке жетпіс өнер де аз» дегендей, жақында мемлекеттік қызметкерлер арасында облыстық спартакиада өткен болатын. Осы сайыста Аягөз ауданының «атқамінерлері» барын салып, намысты қолдан бермеуге тырысты. Есесіне жүлделі орын биігінен көрінді. Спартакиада қорытындысынан ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже көруге болады.
Жекелей жарыстарда үстел теннисінен Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Медет Мырзыкешов ІІ орынға қол жеткізсе, Нарын ауылдық округінің әкімі Жалел Оспанов ІІІ орынды иеленді. Қазақ күресінен Ақшәулі ауылдық округінің әкімі Жәнібек Тортаев ІІ орын, Мамырсу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бауыржан Дүйсенбеков ІІІ орын биігінен көрінді.
Суға жүзуден Балжан Төлегенова ІІ орын, Алтынбек Слямбеков ІІІ орын алды. Тоғызқұмалақтан Слямбеков Алтынбек пен Алимова Назгүл ІІІ орынға ие болды.
Командалық спорт түрлерінде де аудан намысын қорғаған командалар жүлделі орындар алды. Арқан тартыстан аудан командасы І орын алды. Команда құрамында: Өмірбек Бекбаев, Біржан Нұрекеев, Ерік Сүлейменов, Жәнібек Тортаев, Сымбат Молдашева, Аружан Мейрамбек бар.
Сондай-ақ шағын футбол мен воллейболдан аудан командасы ІІІ орын жүлдесіне іліксе, баскетболдан аудан командасы ІІ орынға қол жеткізді.