Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.19 582.79 6.46

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Абай облысындағы дін қызметкерлерімен кездесті

4-06-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев Абай облысына жұмыс сапары аясында Әлихан Бөкейхан университетінде өңірдің дін қызметкерлерімен кездесті.

Кездесуге Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы, Семей қаласындағы мешіттердің имамдары, сондай-ақ дін саласына жауапты мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

Жиында ұлттық бірегейлікті сақтаудағы ислам дінінің рөлі, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу, діни білім беру ісі және жастар арасында діни сауаттылықты арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар дінаралық татулық пен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі имамдардың жауапкершілігіне де ерекше назар аударылды.

Президент кеңесшісі дін қызметкерлерінің қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, мемлекет тарапынан қолдау жалғасатынын жеткізді. Ол сондай-ақ экстремизм мен радикализмнің алдын алу, мешіттер мен діни оқу орындарының тәрбиелік миссиясын күшейту бағытында бірлескен жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, дін қызметкерлері өз ұсыныстарын ортаға салып, көкейдегі сауалдарын қойды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив