Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.19 582.79 6.46

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Байқоңыр» ғарыш айлағының 70 жылдығын мерекелеуге қатысты

4-06-2025, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылдың 2 маусымында бірегей ғылыми-инженерлік орталық және адамзаттың ғарышқа серпілуінің символы – Байқоңыр қаласы өзінің 70 жылдығын салтанатты түрде атап өтті. Мерейтой жай ғана мереке емес, Байқоңырдың тарихи маңыздылығын және оның халықаралық серіктестіктегі рөлін көрсеткен ауқымды оқиға болды. 

Қазақстан мен Ресей Мемлекеттерінің басшылары Байқоңыр қаласының тұрғындарын бейнебайланыс арқылы құттықтады. Қазақстан Республикасының Президенті өз сөзінде қаланың рөліне жоғары баға беріп, әр жылдары оның даңқын асырған жандардың барлығына ризашылығын білдірді.

«Баршаңызды «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылғанына 70 жыл толуымен құттықтаймын! Біз әлемдегі ең ірі ғарыш айлағының қазақ жерінде орналасқанын ерекше мақтан тұтамыз. Халқымыздың қаһарман ұлдары Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов осы арадан космосқа аттанды. Осы орайлы сәтті пайдаланып, Байқоңыр қаласының тұрғындарына айрықша алғыс айтқым келеді. Сіздер табанды еңбек етіп, ғарышты зерттеу ісінің ізашарларынан қалған мол мұраны мұқият сақтап келесіздер. Бұл – зор құрметке лайық. Ғарыш саласы бүкіл адамзатты әрдайым ортақ мақсатқа жұмылдырып, жаңашылдық пен ғылыми-техникалық прогреске бастайды. Байқоңыр алдағы уақытта да ұлы жаңалықтар мен озық инновациялардың қайнар көзі бола береді деп сенемін!», — деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы басшылығының, «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының, Байқоңыр қаласы әкімдігінің өкілдері, ғарыш саласының ардагерлері мен жұмыс істеп жүрген мамандары, құрметті қонақтар мен қала тұрғындары қатысты.

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр құттықтау сөз сөйлеп, Байқоңырдың ғарышты игеруге қосқан үлесін ерекше айтып,

«Ғарыш айлағы серпінді идеялар мен халықаралық ынтымақтастықтың алаңы болды, бар және болады», — деп атап өтті.

Мереке аясында саланың көрнекті өкілдеріне марапаттау рәсімдері, «Байқоңыр қаласының Құрметті азаматы» атақтарын тапсыру, сондай-ақ «Бәйтерек» ҒЗК негізгі нысандарын тексеру және жауапты ұйымдардың басшылығымен кездесу өтті.

Мерекелік бағдарлама «Онжылдық» стадионында ауқымды концертпен аяқталды. Байқоңыр картадағы нүкте ғана емес, ол жеке және кәсіби тарихының бір бөлігі болып саналатындардың барлығын біріктірді.

Қаланың 70 жылдығы – оның ғарыштың жүрегі және болашақ ұрпаққа шабыт беретін тарихи миссиясының жарқын дәлелі болды. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив