Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Астанада баспасөз хатшыларына арналған тренинг өтіп жатыр

4-04-2023, 16:21 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін елордадағы Maqsut Narikbayev университетінде медиа сарапшы, журналист, коммуникация маманы Маргерит Хокси Салливан мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың баспасөз хатшыларына арнайы тренинг өткізді.

Жиынның мақсаты – баспасөз хатшыларының біліктілігін арттыру.

Тренингтер мен уоркшоптар баспасөз хатшыларының қоғаммен сауатты қарым-қатынас орнатуы, мемлекеттік мекемелердің коммуникациялық стратегиясын ұйымдастыру, сондай-ақ әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың имиджін қалыптастырудың заманауи техникаларын меңгеру сынды бағыттарды қамтыды.

«Баспасөз хатшысы өз аудиториясының кім екенін нақты білу керек. «Айтылған аргументтерге кім қарсы болады, кім қолдайды?», «Ұсыныстарға кім келіседі?» деген сұрақтарға алдын-ала жауап іздегені жөн. Өйткені, аудиторияның ұсынысқа қарсы аргумент айтуы мүмкін, осындай жағдайда коммуникация саласының маманы өз ой-пікірін дәлелдей алуы қажет. Сондай-ақ, ең бастысы, сенім мен адалдықты жоғалтпау керек»,- деді Маргерит Хокси Салливан. 

Аталмыш тренингтер ертең, 5 сәуір күні де жалғасады.   

Іс-шараның ұйымдастырушылары - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қазақстандық қоғамдық даму институты, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі және «Maqsut Narikbayev University».

  • Ақпарат ретінде: Маргерит Хокси Салливан Смитсон институтында дәріс оқыған және Харвард университетінің Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің саясат институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. АҚШ-тың гуманитарлық ғылымдар жөніндегі ұлттық кеңесінде және ЮНЕСКО-ның коммуникацияны дамыту бағдарламасының гранттар басқармасында қызмет атқарған.

Еске сала кетейік, кеше Маргерит Хокси Салливанның «Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі» кітабының тұсаукесері өтті https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/news/details/531080?lang=kk

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив