Cемей30°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.19 582.79 6.46

Абай облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері Мемлекеттік Туды көтеру рәсіміне қатысты

Кеше, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

4 маусым – Қазақстанда маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтеді. Осыдан тура 33 жыл бұрын Елтаңба, Ту және Әнұран – тәуелсіз мемлекеттің егемендігінің, бостандығының және бірегейлігінің ажырамас белгілері ретінде бекітілді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл жай ғана ресми атрибуттар емес. Олар – миллиондаған қазақстандықтарды біріктіретін, ұлы мемлекетке тиесілілік сезімін нығайтатын және ұрпақтар сабақтастығын жеткізетін көрнекі әрі дыбыстық бейнелер.

Бүгін Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен оған қарасты мекемелердің қызметкерлері Мемлекеттік Туды көтеру бойынша салтанатты рәсімге қатысты.

Семей қаласының орталық алаңына мемлекеттік рәміздерге жай ғана атау ретінде емес, Отанға деген сүйіспеншіліктің, елге деген терең құрмет пен мақтаныштың көрінісі ретінде қарайтын азаматтар жиналды. Мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер мен полиция қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар — қолына шағын тулар ұстаған әрбір адам өз елінің үлкен тарихына қатыстылығын сезінді.

— Мемлекеттік рәміздер күні – әрқайсымызға отансүйгіштіктің, еліміздің тарихы мен мәдениетіне деген құрметтің маңыздылығын еске салады. Мұндай іс-шаралар бұл сезімді жаңа ұрпаққа жеткізуге көмектеседі, — деп атап өтті Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің заң тобының бас маманы Әсем Әскербек.

Мұндай патриоттық шаралар жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеп, елге деген махаббат пен азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив