Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
525.28 607.85 6.47

Абай гарнизонында жазғы оқу кезеңі басталды

5-06-2025, 09:45 018.kz

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде 2025 жылғы жазғы оқу кезеңі басталды. Дәстүр бойынша «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының штабында қолбасшы генерел-майор Жеңіс Маралов жазғы оқу жылының ашылуымен құттықтап, алдағы жартыжылдықтағы атқарар қызметтеріне табыс тіледі. 

Қолбасшылық басқармасының әскери қызметшілерімен мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерел-майор Жеңіс Маралов өткізді. Дәрісте жеке құрамға қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру және әскери борышына адалдық, «Біртұтас ел – біртұтас жер» қағидатының негізгі құндылықтары мен мақсаттары жеткізілді.  

Бұған қоса сабақ барысында жазғы оқу кезеңіне қойған жауынгерлік тапсырмалар нақтыланды. Сондай-ақ мемлекет басшысының бастамасымен елімізде іске асып жатқан жобалармен қатар, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және әскери-техникалық дамуының негізгі бағыттарына ерекше назар аударылды. 

Сабақ соңына қарай мекеме басшысы жаңа оқу кезеңіне қойылған тапсырмаларға тоқталып, жеке құрамды жігерілік танытуға шақырды.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив