Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.19 582.79 6.46

«Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту»: Taldau Talks подкасының жаңа шығарылымы жарияланды

Кеше, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың YouTube-арнасында Taldau Talks подкасының жаңа шығарылымы жарияланды. Кезекті шығарылым Қазақстанда цифрландыру және жасанды интелектіні дамыту тақырыбына арналды. Сұхбат барысында қол жеткізілген нәтижелермен бірге data-орталықтарды дамыту, цифрлық теңсіздікті жою, IT-кадрлар даярлау және заманауи АI-технологияларды енгізу сияқты жаңа міндеттер де сөз болды.

Талқылауға Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастамашы болды. Подкастқа Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, inDrive компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Арсен Томский, сондай-ақ, «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова қатысты.

Палата Спикері атап өткендей, цифрландыру жаңа технологияларды енгізуді ғана емес, өмірдің барлық саласын жүйелі түрде өзгертуді көздейді.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанды жасанды интеллект кеңінен қолданылатын және цифрлық технологиялардың дамуына жағдай жасалған Еуразияның цифрлық хабына айналдыруды міндет етіп жүктеді. Бұл – биік, дегенмен, қол жеткізуге болатын нақты мақсат. Оны іске асыру үшін кәсіби кадрларға, заманауи инфрақұрылымға және тиімді жасанды интеллект шешімдеріне сүйене отырып, толыққанды цифрлық экожүйе қалыптастыруымыз керек. Сонда ғана қазіргі жаңа технологиялар заманында өзіміздің лайықты орнымызды ала аламыз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Подкаст барысында KazLLM ұлттық тіл моделін құруға, Alem.AI Халықаралық жасанды интеллект орталығын іске қосуға, елімізде data-орталықтар желісін дамытуға және Қазақстанға аймақтағы ең қуатты суперкомпьютерлердің бірінің жеткізілуіне қатысты мәселелер де талқыланды. Сондай-ақ қатысушылар цифрлық егемендік мәселелеріне, атап айтқанда, технологиялық тәуелсіздіктен бастап отандық ЖИ өнімдерін жаһандық нарыққа экспорттауға дейінгі жұмыстарға назар аударды.

«Қазір әлем ауқымды өзгерістердің табалдырығында тұр. Біз осы үдерістен тыс қалмауымыз керек. Жасанды интеллект үлкен мүмкіндіктермен бірге айтарлықтай сын-қатерлер де туғызатыны белгілі. Сондықтан бұл саланың дамуын адамдардың, елдердің және бүкіл адамзаттың игілігіне бағыттау – бәріміздің ортақ міндетіміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, Taldau Talks – ашық диалог алаңы. Онда ел дамуына қатысты маңызды мәселелер және Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді іске асыру жолдары талқыланады.

Подкастың толық нұсқасын мына сілтемесі арқылы көруге болады: https://youtu.be/D-ZxbIUNq4g

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив