Cемей31°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.92 588.91 6.44

Абай гарнизонында әскери жины басталды

10-06-2025, 13:55 018.kz

Абай гарнизонының 44293 әскери бөлімінде ағымдағы жылдың 9 маусым мен 8 шілде аралығында тыл мамандары әскери міндеттілерінің оқу жиыны басталды. Запастағы әскерилерді дайындау жоспарына сай ұйымдастырылып отырған жиынға жүзден астам әскери міндеттілер шақырылды. Олар Семей, Аягөз қалалары мен Бородулиха аудандарынан келген. 

Бір ай көлемінде әскери міндеттілер тыл қызметіне қатысты жанар-жағар май, азық-түлік, киім – кешек, ветеринарлық қызметтері және әскери қатынас мамандықтарды меңгеріп, өз біліктілітерін жетілдіре түседі. 

- Әскери міндеттілер дегеніміз - бұрын әскер қатарында болған қазіргі таңда түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтар. Олардың әскери мамандықтарын игеруге бүкіл жағдай жасалған. Отыз күн ішінде теориялық және тәжірибелік сабақтар арқасында тыл саласының мамандықтарын толық қанды игеріп, жиын қорытындысы бойынша әскер қатарында бос лауазымдарға тағайындалуда қарастырылған, - дейді 44293 әскери бөлімінің штаб бастығы полковник Самат Жиенбаев.

44293 әскери бөлімінде әскери міндеттілер жатын орын, күніне үш рет тамақтану, әскери киіммен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар әскери міндеттілер үшін әскери жиын барысында жұмыс орны, атқарылатын лауазымы сақталады. 

Естеріңізге сала кетейік, әскери жиындар әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігінің деңгейін арттыру, әскери құрылымдарыд өрістету, әскери оқыту резервін дайындау және запаста жинақтау үшін бағытталған. 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив