Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.77 593.19 6.41

Абай облысында үш мал сою нысанын салу жоспарланған

11-06-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыс бойынша 11 аса қауіпті ауруларға қарсы 7 млн. астам екпе жүргізу жоспарланған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай облысы ветеринария басқармасының басшысы Ержан Барышев баяндады.

- Өңірде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аса қауіпті ауруларды анықтау мақсатында 13 түрлі ауруға 2,044 млн диагностикалық зерттеу жүргізу жоспарланған. Бүгінде бруцеллезге қарсы жоспарлы тексеру барысында 725,3 мың бас мал зерттеліп, 1 619 оң нәтиже көрсетті. Соңғы үш жылда бруцеллез індетінің төмендеу үрдісі байқалады, - деп атап өтті басқарма басшысы.

Абай облысы аумағында 87 мал сою нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 74-і мал сою алаңы, 13-і мал сою пункті. Алайда бұл көрсеткіш өңірдегі сұранысты толық қанағаттандырмайды. Осыған байланысты биыл аудан және қала әкімдеріне әр өңірде кемінде үш мал сою нысанын салу тапсырылды.

- Сонымен қатар, 2025 жылдың басынан  5 688 қаңғыбас ит пен мысық ауланды. Оның ішінде Семей қаласында – 2 202 жануар (2 035 ит, 167 мысық). АСВШ бағдарламасы аясында Семейде 178 жануар ауланып, 144-і бұрынғы мекендеу орнына қайта шығарылды. Қалған 34 жануар стерилизация мен вакцинациядан кейін шығарылатын болады. Жыл соңына дейін аталған бағдарлама бойынша 435 жануарды қамту жоспарланған, - деп қорытындылады спикер.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив