Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.87 540.72 6.16

Энергетика министрлігінде қазақ тілін білу деңгейі анықталды

11-06-2025, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

2025 жылғы 30 мамыр күні Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметкерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында «Kaztest.kz» жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өтті.

Тестілеуге 30 маман қатысты. Тестілеу нәтижесі бойынша қатысушылардың 83,3 пайызы қазақ тілін орта және жоғары деңгейде меңгергені анықталды. Атап айтқанда, 19 адам – жоғары деңгей (C1), 6 адам – орташадан жоғары деңгей (B2), 2 адам – орта деңгей (B1), ал 3 адам – базалық деңгей (A2) көрсетті.

Бұл тестілеу – жаңа қызметкерлердің мемлекеттік тіл саясаты аясында өз қызметтік міндеттерін орындауға дайындығын бағалаудың бір кезеңі болды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив