Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.77 593.19 6.41

Аягөз қаласының ішкі көшелерін асфальттау қарқынды жүруде

11-06-2025, 17:04 Сәтжан Қасымжанұлы

Тоғыз жолдың торабындағы Аягөз ауданының орталығы Аягөз қаласының ішкі жолдарын жөндеп, асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Аягөз қаласының Сәтбаев, Шәкенов, Гагарин және Аманкелді көшелеріне асфальт төселді, алдағы уақытта белгі және барлау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, Қошқарбаев, Мұсапербеков және Ларшин көшелерінде шебен мен ПГС төсеу жұмыстары жасалды. Ауқымды жұмыстың жауапкершілігі «Семей жолдары» ЖШС компаниясына жүктелген.

Аталған жұмыстардың артықшылығы аудан халқының жүріп тұруына, ауыл аймаққа еркін қатынауына жол ашады.

Жөнделетін көшелердің жалпы ұзындығы 7,1 шақырымды құрайды. Негізінде аудан орталығында жыл соңына дейін 10 көшені жөндеу жоспарланған. 

Аталған жұмыстар Аягөз қаласындағы жол-көлік инфрақұрылымының сапасын арттырып, аудан тұрғындарының күнделікті жүріп-тұруын жеңілдетуге және көлік қатынасын жақсартуға бағытталып отыр.

- Жалпы жол төсеу жұмыстарының сапасын бақылау, әрине, тиісті органдардың құзырында. Одан өзге депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері де қадағалайтын болады. Әзірге жұмыс жоспарға сәйкес орындалып жатыр. Он көшенің бесеуіне бұған дейін асфальт төселмеген болатын. Міне, қазір, соны жүзеге асыра бастадық,-дейді Аягөз ауданы әкімінің орынбасары Медет Мырзекешов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив